Бозжыраға қайтадан қауіп төнді

Adamdar news DOCA JerSu Қазақстан

Бозжыраға қайтадан қауіп төнді

1 Ақпан, 2021 жыл

Маңғыстау, Қазақстан

Маңғыстау тұрғындары мен экология белсенділері Бозжыра шатқалында ауқымды техникалық жұмыстар басталғанын хабарлады. Бұл жұмыстар қоғамдық тыңдаусыз, тәуелсіз экологиялық сараптамасыз және өзге де құқықтық және экологиялық нормалар назарға алынбай жүргізілді. Мамандардың пікірінше әлемдегі ең әдемі мекен болып есептелетін Бозжыра шатқалына орны толмас зиян тиіп отыр. 

31 қаңтарда Маңғыстау тұрғындары Бозжыра шатқалы аумағында ауқымды техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқанына куә болды. Ақтау қаласының “Лада” басылымы да жұмыстар жүріп жатқаны туралы ақпарат жариялады. Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі шатқалдағы техниканы “инженерлік-геологиялық жұмыстармен байланысты” деп түсіндірді. Алайда куәгерлердің айтуынша Бозжыра аумағында құрылысшыларға арналған вагондар пайда болған және Сенек ауылынан шатқалға қарай жол салу жұмысы басталған. 

 

Ажар Жандосова, қоғам қайраткері және экобелсенді Facebook-тегі парақшасында былай деп жазды: «Қандай жұмыстар жүріп жатыр және оны кім жүргізіп жатқаны туралы ақпарат, ақпараттық тақтада да жоқ. Осының өзі заңды бұзу болып есептеледі. Тек болжауға болады… Қоғамдық тыңдау әлі өткен жоқ. Оны 5-ақпанға жоспарлаған. Ал жұмыс басталып кетті және Бозжыраға апаратын жол түсініксіз себептермен жабық тұр...».

Ажар Жандосова
Фото: Тимур Нусимбеков

Биоалуандықты сақтаудың Қазақстан қауымдастығы (АСБК) 2020 жылдың қарашасында ресми мәлімдеме жасап, Бозжыр аумағындағы құрылыс жұмыстары экологияға, топыраққа және шатқалдың биожүйесіне, үстірт арқары, қарақұйрық және Қазақстанның Қызыл кітабына енген өзге де сирек кездесетін түрлердің популяциясына кері әсер ететінін хабарлаған. Бұдан бөлек, Үстірт қорығының бір бөлігі ретінде Бозжыра ЮНЕСКО-ның Әлем мұрасы тізіміне ену мүмкіндігі мол. Құрылыс жұмыстары бұл жердің табиғи қалпын бүлдіріп, әдемілігін құртады. 

Бозжыраға төнген қауіптің алдын алу үшін 2020 жылдың желтоқсанында Save Bozjyra («Bozjyrany Saqtaiyq»/«Сохраним Бозжыру») деген тәуелсіз экологтар тобы құрылды. Бұл топқа Маңғыстау, Атырау, Астана, Алматы және Қазақстанның өзге де қалаларының тұрғындары қосылды. 11 желтоқсанда  экологиялық топ барлық жұмысты тоқтатып, Бозжыраға ерекше қорғауды қажет ететін республикалық деңгейдегі аумақ мәртебесін беруді талап етті. 12 желтоқсанда Экология министрі Twitter парақшасында: «қонақ үй орны Жабайұшқан қаумалының сыртына ауыстырылатын болды» деп жазды. Алайда шартты түрде берілген шешім Бозжыра аумағында құрылысы жұмыстары жалғаспайтынына және табиғаты ерекше аймақ қауіпсіз екеніне кепіл бола алмай отыр.

Негізгі көрініс аумағынан шатқал көрінетін тұс. Суретте қонақүй құрылысы жоспарлануы мүмкін деген жер көрсетілген. 
Фото: Малика Ауталипова

Белді мәдениеттанушылар мен тарихшылардың пікірінше Үстір пен Бозжыра шатқалының аумағы қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде қасиетті саналады әрі үлкен маңызға ие. Танымал мәдениеттанушы және Маңғыстау тарихының маманы Зира Наурызбаева қараша айында “аумақтағы киелі тарихи мекенді мансұқтау” жайлы жазған еді.

Бозжыра аумағындағы қонақүй құрылысын түрік кәсіпкері Феттах Таминдже және оның Sembol компаниясымен байланыстырады. The Black Sea басылымы, Таминдже қаржысының көп бөлігін «Қазақстанда жасалған келісімшарт негізінде» жинады деп хабарлайды.

Қаңтар айында Azattyq Radiyo-сы Таминдженің Қазақстандағы және Түркиядағы жұмыстары мен Қазақстанның олигархтары мен жоғары лауазымды шенеуніктерімен байланысын әшкерелеген журналистік зерттеуді жариялады

Бозжыраның басында пайда болған жайтты экобелсенділер, мамандар мен тәуелсіз журналистер Қазақстандағы Көкжайлау шатқалымен болған оқиғамен салыстырады. 2010 жылдан бері Көкжайлау экожүйесіне де құрылыс жұмыстарына қатысы бар бірнеше шенеуніктің жемқорлық әрекеттерінен қауіп төнген еді. Save Kok-Zhailau қозғалысының сарапшылары мен белсенділерінің бірнеше жылға созылған жұмыстарынан соң Көкжайлаудың экожүйесін қауіптен аман алып қалды.


Бозжырадағы қонақүй жобасы бойынша қоғамдық тыңдау 2021 жылы 5 ақпан, Ақтау уақыты бойынша сағат 15:00-ге белгіленді.

Тыңдаулар Zoom платформасында онлайн өтеді
Логин: 979 9919 9294
Пароль: 538181

Каратин режимі алынып тасталса, мына мекенжайда өтеді:  Орталық мәдениет үйі, Құрық ауылы, Қарақия ауданы, Маңғыстау облысы.


Аталған тақырыптың басы және осыған қатысты мақалалар:

«Бозжыраны құтқару» — Ажар Жандосовамен сұхбат
«Бозжыра: жер беті мен тылсым арасы» — мәдениеттанушы Зира Наурызбаеваның Бозжыра шатқалының қазақ танымындағы киелі ұғым турасындағы толғанысы
«Белсенділер Бозжыраны құтқаруды талап етуде»
«Бозжырадан жеткен оң хабар»

Adamdar/CA редакциясы Бозжыра шатқалына қатысты мәселені назарда ұстайды. 
 

Жарияланған уақыты: 1 Ақпан, 2021 жыл