Пол Салопек — Бозжыраға төнген қауіп туралы

DOCA JerSu Қазақстан

Пол Салопек — Бозжыраға төнген қауіп туралы

4 Ақпан, 2021 жыл

Маңғыстау, Қазақстан

Бозжыра шатқалы – Қазақстанның інжуі және әлемнің ең әдемі және ерекше нүктесі. Бірнеше айдан бері Бозжыраның табиғи қалпына үлкен қатер төніп тұр. Adamdar/CA Бозжыраға қатысты танымал жазушы, зерттеуші және саяхатшы Пол Салопектің пікірін сұраған еді.

Пол Салопек во время посещения Бозжыры в 2016 жылы Пол Салопектің Бозжыраға барған сапарынан. Фото Out of Eden Walk жобасының парақшасынан алынды

«2016 жылы Қазақстанның батысындағы өзара алшақ орналасқан ақ жартасты Бозжыраны жаяу жүріп өту бақытына ие болдым. Сөзсіз, бұл – Жер бетінде сақталған, табиғаттың өзі сомдаған ұлы жауһарлардың бірі. Коммерциялық құрылыстардың ашкөз иелері жылдам баю үшін шатқалды бүлдіреді. Бұл бірегей тарихи мұраның сақтаушысы – қазақ халқына қарсы жасалған қылмыс қана емес, ол өлкеде мекендейтін түрлердің, олардың арасында сирек кездесетін әрі үркек бөкендер мен арқарлар да бар, тіршілігіне де зиянын тигізеді. Бұл дұрыс ойластырылмаған жоба әлемдік деңгейдегі маңызды ландшафтқа үлкен қауіп төндіріп тұр. Бұған көз жұмып қарауға болмайды.»

 

Пол Салопек — америка жазушысы, журналист, документалист және саяхатшы. Член научного общества National Geographic ғылыми қауымдастық мүшесі. Пулитцер  премиясының екі дүркін лауреаты. Out of Eden Walk жобасының авторы.

Тақырыпқа қатысты жарияланған мақалалар:

«Бозжыраны құтқару» — Ажар Жандосовамен сұхбат
«Бозжыра: жер беті мен тылсым арасы» — мәдениеттанушы Зира Наурызбаеваның Бозжыра шатқалының қазақ танымындағы киелі ұғым турасындағы толғанысы
«Белсенділер Бозжыраны құтқаруды талап етуде»
«Бозжырадан жеткен оң хабар»
«Бозжыраға қайтадан қауіп төнді»

Adamdar/CA редакциясы Бозжыра шатқалына қатысты мәселені назарда ұстайды. 
 

Жарияланған уақыты: 4 Ақпан, 2021 жыл